19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 19 қаңтардың ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz

Елдің басым бөлігінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

Республиканың оңтүстігінде қатты жаңбыр, қар жауады. Тек солтүстік-батыс, солтүстік өңірлерге антициклон әсер ететіндіктен, ауа райы жауын-шашынсыз болады. "Қазгидромет" РМК

Республика бойынша кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, оңтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі, ал облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, солтүстік-батыста көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының орталығы мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, солтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында боран, көктайғақ, оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түседі, облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ болады, түнде облыстың оңтүстік жартысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: