Қазақстан аумағының басым бөлігінде Екатеринбург аудандарынан және онымен байланысты атмосфералық фронттардан келетін циклонның ықпалы болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын, тұман, көктайғақ, күшті жел күтіледі.
10 ақпанға қарай Қазақстанның солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібірдің аудандарынан антициклон келеді. Салдарынан жауын-шашын тоқтап, температура төмендеуі мүмкін.
Солтүстік өңірлерде түнде 15-28 градусқа дейін аяз болады.
Орталық өңірлерде 15-25 градус, Қазақстанның шығысында 15-30 градус аяз болуы мүмкін.