Дедлайн – 1 мамыр. Бірақ бұл максимум, мұны бұдан да жылдамырақ жасай алатын шығармыз. Бәлкім, сәуірдің ортасында немесе тіпті басында. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев
ҚР Экология министрлігіне қарасты Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошырбаевтың айтуынша, барлық тиісті іс жүргізу нормаларын сақтау қажет. Ол үшін алдымен, утилизациялық төлемді есептеу әдістемесі бұйрығына өзгертулер енгізу керек.
Бұл жұмыс кешеден бері қолға алынды. Нақты күнін айта алмаймын. Дегенмен, мәселе өте өткір және оны тез арада шешу керек екенін бәрі түсінеді. Менің ойымша, мемлекеттік органдар тарапынан және бірқатар сараптамалар, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ғылыми сараптамадан біз барлық қорытындыларды, мүдделі мемлекеттік органдардың барлық мақұлдауларын аламыз. Осыдан кейін Әділет министрлігіне тіркеуге береміз. Яғни, жақын арада бұл тарифтер бекітіледі деп сенемін. Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошырбаев