Әйелін қызғанған ШҚО тұрғыны оны пышақтап тастаған

Қазір ер адам жазасын ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болатбек (аты өзгертілген) Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ата-анасы қарт, өзі шаруа қожалығында жұмысшы, отбасында жалғыз асыраушы болған.

Мен шамамен 9 жыл бір әйелмен тұрдым, бірақ ол мені алдайды деп ойламадым. Жазасын өтеуші

Біраз уақыттан кейін азаматтық жұбайым бұрынғы танысына бірге тұруға кетіп қалған болатын. Ол көрші ауылда тұрған, бірақ мен әйелімді қайтадан алып келіп,онымен қайтадан бірге тұра бастадым. Содан кейін мұның бәрі қайталана бастады, ол менің көзіме қайтадан шөп салды, мен үйге келгенде бұл туралы біліп отыратынмын. Менің жар таңдаудан жолым болмады, ол жүргіш болып шықты", - деп еске алады сотталған Бекболат.

Сол күні Болатбек жұмыста болып, әдеттегідей үйіне кеш келді. Үйде азаматтық жұбайы ішімдік ішіп, мас болған.

Мен үйге кіргенде, жұбайым пештің алдында мас болып отырды және көрші ауылдың таныс жігітімен телефон арқылы сөйлесіп отырған. Оған өзін менің үйімнен алып кетуін өтінді. Содан кейін мен бөтелкенің түбіндегі ішімдікті көріп, оны төгіп тастадым, ол ашуланып, мені балағаттап, қорлай бастады. Сол кезде менде ішімнен қызғаныш сезімі пайда болды, тіпті қызғаныштан мен шкафтың үстінен оң қолыма пышақ алдым да,артынан келіп, еденде отырған әйелімнің мойнынан бауыздай салдым, содан кейін ол бетімен қарай еденге құлады. Әрі қарай ештеме есімде жоқ. Бекболат

Мен үйден жүгіріп шығып жұмыс істеген шаруа қожалығының иесіне барып не болғанын нақты айтып бердім, содан кейін ол учаскелік инспекторға хабарлады, - дейді сотталған.

Мен жасаған ісіме қатты өкінемін, бірақ сол кезде мен қатты күйзеліске ұшырадым, менің ойымда "әйелімді бөтен ешкімге бермеймін, ешкім алып кете алмайды. Маған да жоқ ,басқаға да жоқ дегендей ой болды. Ол басқа адамға кетіп қалғысы келді, сол үшін мен оны қатты қызғанғаннан өлтірдім", - деп еске алады сотталған Болатбек.

Ер адам 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

"Мен түзеу мекемесіне 5 жыл бұрын келгенде терең психологиялық дағдарыста болдым. Психологтың көмегіне зәру болып жүрдім және көп ұзамай психологтың көмегіне жүгіндім. Мен көп рет тұрақты қабылдауға бара бастадым. Бұл маған терең психологиялық дағдарыстан шығуға көмек болатынына сендім және біраз уақыттан кейін өмірге басқа қырынан қарай бастадым", - дейді Бекболат.

Сотталғаннан қылмысқа итермелеген нәрсе туралы сұрағанда, ол мұндай қылмысқа қызғаныш сезімі болғандықтан жасадым деп жауап бергенін, - психолог маман айтып берді.

Қызмет барысында әрбір сотталғанмен араласамыз, адам бізге келген бойда оны зерделеп, әңгіме өткіземін. Біздің тілімізде бұл психодиагностикалық тексеру деп аталады. Атап айтқанда, мен сауалнамасын толтырамын, Люшер тестін өткіземін, онда сотталған адам өзіне ұнайтын түстерді таңдайды және соған байланысты адамның қазіргі жағдайын психоэмоционалдық күйін аңғаруға болады-дейді психолог маман.

Жаңадан келгендердің бәрі бірден жасаған қылмысы жайлы айтуға дайын емес болады, сондықтан олармен сөйлесу ,оларды сөйлету оңай шаруа емес", - дейді психолог Айнұр Нұрғалиева.

Осы сотталушыға келсек, мен оның басында үнсіз, тұйық болғанын айта аламын. Мінезі бойынша ол сабырлы және агрессивті емес, ол үнемі тренингтерге қатысып жүрді, бүгінгі күні онымен психодиагностикалық тесттер өткізілді, өткізілген тесттер мен тренингтер он нәтиже бергенін айтуға болады-деп атап өтті психолог.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: