Дәрігер қашықтықтан жұмыс істейтіндерге арқаны дұрыс ұстау жөнінде кеңес берді

Сурет: Zakon.kz
Физиотерапевт Хелен О 'Лири үйден шықпай онлайн жұмыс істейтіндер ұзақмерзімді перспективада дене ауырлығы мен арқадағы проблемаларға шалдығуы мүмкін деп ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lenta.ru-дың хабарлауынша, пандемия кезінде қашықтықтан жұмыс істейтін адамдар саны бірнеше есе өсті. Олардың 38%-ы үстел басында емес, көрпе астынан шықпастан төсек үстінде жұмыс істей береді.

Дәрігер денсаулыққа байланысты проблемаларды болдырмайтын әрі арқаны тік ұстауға көмектесетін үш кеңеспен бөлісті.

Физиотерапевт тік отыру үшін иықты үнемі бақылауда ұстауды ұсынады. Ол үшін белдің астына жастық төсесе, жақсы көмектеседі. Сонымен қатар, маман ноутбукты тізеде ұстамау керектігін еске салады: бұл мойынға шамадан тыс жүк түсіп, желкеде "өркештің" пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Оның пікірінше, ноутбукты кеуде деңгейінде ұстау үшін ыдыс табақты тартатын үстелге қою дұрысырақ болады.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі