Әлемдегі ең жағымды иіс белгілі болды

Сурет: unsplash
Швецияның Каролин университетінің биологтары хош иіс деп санауға болатын иіс түрін анықтамақ болып, зерттеу жасап көрді. Зерттеушілер адамдардың көбіне жағымсыз болмайтын иістерді анықтауға тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зерттеуге әлемнің түрлі аймағынан 225 адам қатысты. Біразы Мексика мен Таиландтың ірі қалаларының тұрғындары. Сонымен қатар арасында түрлі аймақта тұратын және аңшылықпен, терімшілікпен, егіншілікпен айналысатын тайпалар, халықтар бар.

Массагет порталының хабарлауынша, тәжірибеге АҚШ-тың 61 еріктісі қатысқан Springer Link зерттеуінің деректері де қосылды. Зерттеу кезінде ғалымдар түрлі концентрациядағы 480 иіс молекуласын қабылдауға талдау жасады.

Пікірлерді салыстыра келе, талдай келе, әлемдегі адамдарға ортақ, ең жағымды иіс ванилиннің иісі деп анықталды. Бұл қатысушылардың біразына ванильдің иісі ұнады дегенді білдірмейді. Керісінше, біразы бұл иісті жағымды немесе бейтарап деп таныды.

Көптің пікірінше әлемдегі ең жағымсыз иіс – изоовалер қышқылы бар иіс. Ол соя сүті мен ірімшікте кездеседі. Сонымен бірге бұл қатарға адам аяқкиімінен, шұлығынан шығатын шуас иісі де енген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды