ІІМ алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді

Соңғы уақытта қазақстандық ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірлеріне ұқсас нөмірлерді пайдалана отырып, полиция және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кейпінде жасалатын алаяқтық қоңыраулар жиілеп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алаяқтар өздерін анықтаушылар немесе тергеушілер ретінде таныстырып, полицияның бөлімшесіне ресімделген онлайн-несие туралы азаматтардың туыстары немесе таныстары қоңырау шалғанын айтып хабарласуда.

Деректерді нақтылау үшін қылмыскерлер азаматтардан банк шоттары мен жеке мәліметтерін сұрайды: тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН және т.б. А

Азаматтар алаяқтардың әрекеттеріне алданып, қашықтан басқаруға арналған қосымшаларды өз құрылғыларына орнатқан жағдайлар да кездеседі.

Алаяқтардың құрығына қалай түспеуге болады

Егер сізге “банктен” немесе “гполициядан” қоңырау түссе, тұтқаны қойып, дұрыс ақпарат алу үшін банкке өзіңіз хабарласқаныңыз абзал. Полиция қызметкерлері де, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе жеке деректер туралы мәліметтерді сұрамайтынын есте ұстаған жөн.

Бөтен адамдарға өзіңіз туралы мәліметті, банктік шоттар жайлы деректерді, банктен абоненттік нөміріңізге келіп түскен SMS-кодтарды бермеңіз.

Шоттарыңыздың қорғалуын қамтамасыз ету үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

Алаяққа алданған жағдайда дереу банкке қоңырау шалып, өз шотыңызды бұғаттап, тұрғылықты жеріңіз бойынша полиция бөліміне хабарласыңыз.

Алаяқтықпен күрес

Бірқатар себептерге байланысты (трансшекаралық) интернет-алаяқтықты ашу және тергеу әрдайым тез әрі оңай бола бермейді.

Әдетте мұндай қылмыстарды жасау кезінде үшінші тұлғалардың банктік шоттары мен карталары, сондай-ақ, жалған абоненттік нөмірлер қолданылады.

Онлайн нарық пен қызметтердің дамуын, сондай-ақ, IT-құқық бұзушылықтардың өсуін ескере отырып, ІІМ олардың алдын алу, қылмыстарды ашу және тергеу бойынша түрлі шаралар кешенін қабылдауда.

Ақпараттандыру және байланыс саласында, сондай-ақ, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама қабылданды.

Өткен жылы киберқылмыспен күрес бойынша бөлімшелердің штат саны ұлғайтылды, аумақтық полиция органдарында интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша мамандандырылған жедел-тергеу топтары құрылды.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың үш айында тіркелген интернет-алаяқтықтардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үштен бірге (34%-ға) азайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: