Елдің орталығы мен солтүстігінде екі жол-көлік оқиғасы болды
Фото: Zakon.kz
21 қарашада ауа-райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі өңірінде жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасы мәлімдегендей, Қарағанды-Астана тас жолында үш жүк көлігі соқтығысқан. Ал, Петропавл-Есіл тас жолында КАМАЗ және кроссовер соқтығысып, онда 37 жастағы JAC автокөлігінің жүргізушісі дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды.
"Жолдар көктайғақ, жағдайды тұман күшейтіп тұр", – делінген сюжетте.
Бұған дейін Алматы – Екатеринбург автожолының 1063 шақырымында үш көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам мерт болғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript