Еліміздің екі өңірінде кейбір жол учаскелерінде шектеу енгізілді

2025 жылы 17 ақпанда сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына мына жол учаскелерінде шектеу қойылады:
Қостанай облысы
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы - Ақмола облысының шекарасы).
Ақмола облысы
- "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы);
- "Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсай ауылы - Бұзылық ауылы);
- "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы).
Жолды 18 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Бұған дейін синоптиктер 18 ақпандағы ауа райы болжамымен бөліскен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript