Еліміздің екі өңірінде ауа райы нашарлап, жол учаскелері жабылды

Жол, шектеу, Абай облысы, ШҚО, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2025 19:36 Сурет: pixabay
2025 жылы 11 ақпанда сағат 19:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Шығыс Қазақстан облысында:

"Алматы - Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" тас жолының 1013 - 1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс);

Абай облысында:

"Алматы–Талдықорған–Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" тас жолының 971-1013 шақырым учаскесі (Қалбатау ауылы-ШҚО шекарасына дейін);

"Алматы - Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы" тас жолының 1013 - 1048 (Абай облысының шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс) учаскесі жабылады.

"Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа-райы жағдайы мен жолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар", деп ескертеді төтеншеліктер.

Бұған дейін Қазақстанның батысында Ресейдің шекарасына апаратын жолдың жабылғанын хабарлағанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: