Еліміздің екі өңіріндегі жолдардың кейбір учаскелері толықтай жабылды

Жол жабылды, Ақмола облысы, Қостанай облысы, 1 қаңтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2025 13:23 Сурет: pixabay
2025 жылғы 1 қаңтарда сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің екі өңіріндегі жолдардың белгілі бір бөлігі толығымен жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының бұзылуына байланысты келесі өңірлерде:

  • Қостанай облысында "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 108-232 шақырымы, Әулиекөлден Ақмола облысы шекарасының аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Ақмола облысында:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 232-260 шақырымы аралығында ( Қостанай облысының шекарасы-Сұрған)
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолының 71-82 шақырымы аралығында (Ақсай-Бұзылық)
  • "Жезқазған-Петропавл" тас жолынығ 536-553 шақырымы аралығында (Бұзылық-Сұрған) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Сондай-ақ 2025 жылғы 01 қантарда сағат 15:00-те Қостанай облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.

Бұған дейін 1 қаңтарда таңертең "Алматы-Өскемен" тас жолының шектеу енгізілген учаскесі ашылғанын хабарлағанбыз

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: