Ақмола облысындағы жолдардың бес учаскесі жабылды

Жол жабылды, Ақмола облысы, қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.12.2023 18:41 Сурет: pixabay
29 желтоқсанда сағат 18:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (екпінді жел, көрінуді шектеу) республикалық маңызы бар тас жолдардың бес учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, көліктің барлық түрінің қозғалысына тас жолдардың мына учаскелеріне шектеу енгізілді:

  • Көкшетау-Рузаевка, 0-61 км, (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • Көкшетау-Омбы, 14-50 км, (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • Астана-Петропавл, 304-341 км, (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
  • Жезқазған-Петропавл, 552-595 км, (СҚО шекарасынан Сұрған ауылы);
  • Екатеринбург-Алматы, 856-917 км, (СҚО шекарасынан Жақсы ауылы).

Бұған дейін Түркістан облысының жолдарында ауа райының қолайсыздығына байланысты үш блок-бекет қойылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: