Еліміздің алты өңірінде кейбір жол учаскелері ішінара жабылды

Көктайғақ, жол, жабылды Ақмола облысы, СҚО, БҚО, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2025 09:25 Сурет: pixabay
Бүгін, 23 ақпанда сағат 08:00 жағдай бойынша еліміздің алты өңіріндегі республикалық маңызы бар тас жолдардың кейбір учаскелері қолайсыз ауа райына байланысты жабылды, деп хабарлады Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 161 арнайы техника мен 306 маман жұмылдырылды.

Ақмола облысы:

  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" тас жолының 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).

Ақтөбе облысы:

  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" тас жолының 526-618 шақырым аралығы (БҚО шекарасы - Қобда ауылы);
  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" тас жолының 618-702 шақырым аралығы (Қобда ауылы-Маржанбұлақ ауылы);
  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы - Қарауылкелді ауылы);
  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 255-337 шақырым аралығы (Қарауылкелді ауылы - Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы:

  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 337-492 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы - Мақат ауылы);
  • "Ақтөбе - Қандыағаш - Доссор - Атырау - РФ шекарасы" автожолының 492-508 шақырым аралығы (Мақат ауылы - Доссор ауылы);
  • "Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай –Ақтау теңіз порты" 3-120 шақырым аралығы (Доссор ауылы - Құлсары ауылы).

Батыс Қазақстан облысы:

  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 273-394 шақырым аралығы (Барбастау ауылы-Жымпиты ауылы).
  • "Ақтөбе - Орал - РФ шекарасы" автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы - Ақтөбе облысының шекарасы).
  • "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 4-104 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Орал қаласы -РФ шекарасы);

Жетісу облысы:

  • "Үшарал-Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума ауылы - Достық стансасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).
  • Сондай-ақ, құзырлы мекеме бүгін, 23 ақпанда сағат 9-30-да жабылған бұл жол учаскелерінің кейбірінің ашылуы жоспарланып отырғанын нақтылайды.

Айта кетсек, "Қазгидромет" РМК синоптиктері 23 ақпанда еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын және кей өңірде жауын-шашын жауатынын болжады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: