Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздің төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты кейбір жол учаскелері жабылды

Жол жабылды, қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 21:54 Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
15 наурыз сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыстағы республикалық маңызы бар жеті тас жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысында жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын "Екатеринбург-Алматы" Жібек Жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасы тас жолы жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін жабылды.

Өңірде қар жауып, айналаның көріну деңгейі төмендеген, көктайғақ болып, қатты жел соғып тұр.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 556 шақырымды құрайтын 4 тас жолдың кей учаскелері жабылды:

  • "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Қарағанды қаласынан Павлодар облысы шекарасына дейінгі аралығы;
  • "Екатеринбург-Алматы" тас жолының Алматы облысы шекарасынан Теміртау ААП-ға дейінгі аралығы;
  • "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тас жолының Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейінгі аралығы;
  • "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Ұлытау облысы шекарасынан Топар ауылына дейінгі аралығы қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабылды.

Өңірде қар жауып, айналаның көріну деңгейі төмендеген, көктайғақ болып, қатты жел соғып тұр.

Павлодар облысында жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Қарағанды облысы шекарасынан Шідерту ауылына дейінгі аралығы қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабылды.

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын "Қызылорда-Павлодар" тас жолының Атасу ауылынан Қарағанды облысы шекарасына дейінгі аралығы қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін жабылды.

"Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп–ұстауға 611 бірлік техника және 1250 жолшы жұмылдырылған". "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: