Синоптиктер 18 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты

Ауа райы болжамы, 18 ақпан, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 17:56 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған сәйкес, антициклон салдарынан Қазақстан территориясының басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

"Тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты боран соғып, қар жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп күтіледі", – деп нақтылайды "Қазгидромет" РМК.

Бұған дейін гидрометеорологиялық орталық 2025 жылғы 18-20 ақпанда ауа-райы қандай болатынын айтқан. Ал Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша үш күнге арналған ауа райы болжамымен мына арадан таныса аласыздар. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: