Шілде айының соңғы күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы бейсенбі, 2025 жылдың 31 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, бүкіл Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер салдарынан Қазақстан аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта нөсер жаңбыр болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста бұршақ жаууы мүмкін... Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп болжануда". "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ, синоптиктер атап өткендей, елімізде жел екпін алып, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.
"Күндіз Атырау өңірінде, Батыс Қазақстан облысының батыста, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады деп күтіледі. Сынап бағаны +35°C дейін көтерілуі мүмкін". "Қазгидромет" РМК
Сонымен қатар мына өңірлерде қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі:
- жоғары өрт қаупі – Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қостанай облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында,
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте тамыз айының басында ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript