Ауа райы: алда жаңбырлы күндер күтіп тұр
Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сәрсенбіге, 2025 жылдың 2 шілдесіне арналған еліміз бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оған сәйкес, тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
"Республика аумағының басым бөлігінде ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады, осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, еліміздің батысында, шығысында бұршақ жауады, шығыста дауыл тұрады... Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстігінде тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК
Сондай-ақ, гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіпті құбылыстардан хабардар етеді:
- жоғары өрт қаупі - Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының шығысында және Абай облысында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, батысында, Павлодар облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде;
- төтенше өрт қаупі - Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркегенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript