Еліміздің қай өңірлерінде 23 қыркүйекте жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күз, ауа райы болжамы, Қазақстан, 23 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2025 17:54 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы сейсенбіде, 2025 жылғы 23 қыркүйекке арналған республикамыз бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес,  батыста (Атырау және Ақтөбе облыстары), солтүстік-батыста (Батыс Қазақстан облысы) ғана жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады:

"Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты кейбір өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында  нөсер жаңбыр жауады, солтүстік аймақтардың жекелеген аудандарында бұршақ түсуі мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстік-шығысында дауыл тұрады, республикамыздың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар бірқатар өңірлерде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:

  • өрт қаупі жоғары – Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында,
  • төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша 2025 жылғы 23, 24 және 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: