Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді: 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы бейсенбі, 2025 жылғы 25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны күрт төмендеп, -1°C градус суықты көрсетеді деп күтіледі.
"Антициклон салдарынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте солтүстік циклонның және онымен байланысты фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл, ал оңтүстік және шығыс аймақтарда түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Бірқатар өңірлерде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:
- өрт қаупі жоғары – Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-шығысында,
- төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Қостанай және Ұлытау облыстарында.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша 25, 26 және 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript