Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 15:58 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 29 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады, республиканың қалған бөлігінде жаңбыр жауады, күндіз Алматы облысының таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, оңтүстік жартысында найзағай ойнайды деп болжанды.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз шығыс пен орталықта екпінді жел соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +15+17°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +19+21°С.

Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: