Жақсылықов Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезінде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиясын айқындау керектігін еске салды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Құжатты қабылдаудың мақсаты – кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігін ынталандыру және дамыту, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнесті (ШОБ) құру. Тимур Жақсылықов
Бұл үшін құжатта даму әлеуеті бар ШОБ субъектілеріне басымдықты қолдау көрсетуге бағытталған ШОБ дамыту тәсілдері қалыптасты.
Әзiрленген тәсiлдердi iске асыру мына қағидаттарды басшылыққа ала отырып жүзеге асырылатын болады: кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау және ынталандыру; фискалдық тұтастықты ынталандыру, көлеңкеден шығуға жәрдемдесу; ШОБ бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ету. ШОБ дамыту тәсілдері пирамида қағидаты бойынша құрылады және елдегі ШОБ дамыту мәселелерін шешуге бағытталған міндеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады. Тимур Жақсылықов
Атап айтқанда:
кәсіпкерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін институционалдық орта жасалады;
іскерлік ахуал мен іскерлік ортаға әсер ететін кәсіпкерлік қызметті реттеу дамытылады;
мемлекеттік қолдау шаралары құрылымының тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін тұжырымдамада нарықтың жекелеген қатысушыларына жосықсыз артықшылықтар туғызатын заңнамалық және нормативтік актілердің күшін жою көзделген. ШОБ үшін реттеуші кедергілерді азайту, шектеулі бюджеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында жеке жеңілдіктерге қарағанда ұжымдық жеңілдіктерге артықшылық беру, ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін жоғары сапалы индустриялық, инновациялық және креативті инфрақұрылымның артық жеткізілімін құруды ынталандыру, бизнес есептілігін автоматтандыру және цифрландыру, рұқсаттарды қысқарту. Тимур Жақсылықов
Оның айтуынша, тиімді және бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға қайта бағдарлау арқылы кешенді қолдау шараларын ұсыну жүйесін қайта қарау ұсынылады.
Тұжырымдаманың ережелерін іске асыру 2030 жылға қарай ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 40%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді; ЖІӨ-дегі орта бизнестің үлесі – 20%-ға дейін; ШОБ-те жұмыспен қамтылғандар саны – 5 млн адамға дейін.
Тұжырымдаманы қабылдау шағын бизнесті орта және орта бизнесті ірі бизнеске айналдыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде тұтастай алғанда экономикаға оң мультипликативті әсер береді.
Үкіметте өткен талқылаулардың қорытындысы бойынша тұжырымдама мақұлданды.