Бұрын Catocala helena Ресейдің Қиыр шығысында, Кореяда, Қытайда және Моңғолияда жалпақ жапырақты ормандарда өмір сүрген. Соңғы жылдары ол Забайкальеде, Батыс Сібірде байқала бастады және Қазақстанды айналып өтіп, Catocala helena оңтүстік Оралға және Ресейдің еуропалық бөлігіне Еділ бойына жетті. Алайда қазір біздің зерттеулеріміз көбелектердің бұл түрі Қазақстанда да пайда болғанын көрсетіп отыр. Біз бұл инвазивті түрдің болашақта Қазақстан табиғатына қандай әсер етуі мүмкін екенін анықтау үшін Catocala helena-ның әрі қарай еліміздің аумағында да, шетелде де өмір сүру салтын бақылаймын.Сергей Титов
ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Catocala helena-ның неліктен шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастағанын және бұған дейін біздің фаунамызға белгісіз басқа инвазиялық жәндіктер осы көбелектерге ілесе ме, жоқ па, соны анықтайды.