Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 18:03 Сурет: primeminister.kz
Айбек Сыдықов Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсия жетекшісі болып бастаған.

2007–2015 жылдары Алматы қаласы тарихы музейінде ғылыми қызметкер, директордың орынбасары және директор қызметтерін атқарған.

2015–2016 жылдары Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры болған.

2016–2022 жылдары «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінің музей бөлімін басқарған, директордың орынбасары қызметін атқарған.

2022–2025 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі директорының орынбасары болған.

2025 жылғы қаңтардан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: