Мамыр айына арналған ауа райы болжамы

Сурет: pexels
Мамыр айында атмосфералық процестер жазғы маусымға ауысуы жүзеге асады. Бірақ ауа райы құбылмалы, суық қайта оралуы мүмкін, ал түнгі уақытта тіпті үсік жүру ықтималдылығы жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамырдың бірінші күні республикамыздың басым бөлігінде +20+28°С, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде циклондардың жүріне байланысты жаңбыр жауып, кей уақытта күшті, екпінді жел тұрады, дауыл соғады, бұршақ түсуі де ықтимал және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Осы салқын ауа райы Қазақстанның басқа аудандарына да ойысады. Қазгидромет РМК

Айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондар орнын ауыстырып, ауа-райы тұрақсыз сипатқа ие болады. Ауа температурасы да құбылып, ауытқып отыруы болжанады:

Айдың екінші жартысында Иран аудандарынан жылы ауа массаларының ойысып жетуіне байланысты республикамыздың солтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп +25+35°С-қа, ал оңтүстік жартысында +30+35°С-қа, қиыр оңтүстік пен оңтүстік-батыста +40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Мамырдың екінші жартысының жекелеген күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады деп болжанады, күндізгі аптап ыстық +20+25°С-қа дейін аздап төмендеуі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде де қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды деп күтіледі, дегенмен сынап бағаны көбіне жоғары болуы болжанады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі