Алматы әкімі Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ол 2023 жылы наурыздан бастап қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары, ал 2024 жылы тамыздан осы басқарманың басшысы қызметін атқарған.
Әзиз Қажденбек 1993 жылы 24 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген.
әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтын тәмамдаған. "Органикалық заттардың химиялық технологиясы", "Мұнай химиясы", "Менеджмент және басқару", "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандықтары бойынша білім алған.
Әр жылдары 2017 жылы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу дирекциясында жұмыс істеген, "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінде еріктілер жұмысына жетекшілік еткен, ALT University және UIB білім беру ұйымдарында басшылық қызметтер атқарған.
2022 жылы тамыздан 2023 жылы наурызға дейін Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры болған.
2026 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.