Қостанай облысында құдыққа түсіп кеткен ер адам құтқарылды

Сурет: Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
9 маусым күні таңертең Қостанай облысының Арке ауылында 2001 жылы туған жас жігіт құдыққа құлап кеткен. Оны облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода Қамысты ауылының No18 өрт сөндіру бөлімінің кезекшісі оқиға орнына аттанғанын түсіндірді.

Осы уақыт ішінде зардап шегушінің қасында учаскелік полиция инспекторы мен учаскелік фельдшер болған. Келген кезде құдықта су жоқ екенің білдік және оның тереңдігі 15 метрге жететіні анықталды. Құдықтың ең түбінде бір жас жігіт жатыр екен. Құтқарушылар арқанның көмегімен ер адамды құдықтан шығарып, аудандық жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, құлау салдарынан жәбірленушінің омыртқасы сынып, жұлыны үзіліп кеткен. Ол шұғыл түрде Қостанай облыстық ауруханасына жіберілді.

Құлаудың алдын ала себебі - жәбірленушінің абайсыздығы.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты