Елдегі өзгеріске әркім өз ісіндей қараса, шын мәнінде, жаңару жолына түсеміз - Президент

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы болып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ең бастысы, біздің бағдарымызды халықтың басым көпшілігі қолдап отыр. Азаматтарымыз елімізде түбегейлі өзгеріс болатынына сенеді. Дегенмен, референдум табысты өтті екен деп, босаңсуға болмайды. Нағыз жұмыс енді басталды. Реформаны жүзеге асыру барысын елге ұдайы түсіндіріп отыруымыз керек. Қазірдің өзінде жаңғыру үдерісі біртіндеп жалпыұлттық сипатқа ие бола бастады. Шын мәнінде, жаңғырудың әсерін әрбір азаматымыз сезінуі қажет. Елдегі өзгеріске әркім өз ісіндей қараса, шын мәнінде, жаңару жолына түсеміз. Мұны еліміздің әрбір азаматы терең түсінгені жөн. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының сөзінше, қазір – интернет дәуірі. Жастар өзіне қажет мәліметті ғаламтордан алады. Дәстүрлі ақпарат құралдарымен қатар, әлеуметтік желіге баса мән беру қажет.

Жаңғырудың маңызын ұрпақ санасына сіңіру үшін жаңа тәсілдерді қолдану керек. Жалпы, түсіндіру жұмысы кезінде жастарға айрықша назар аударған жөн. Өйткені, бүгінгі реформалардың игілігін ертең солар көреді. Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Қазақстан Ұлттық банкі ипотека мен автокредитке қатысты маңызды шешім қабылдады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді