Ал жергілікті билік бұл мәселеден бейхабар. Құндыкөлде 500 ден аса адам тұрады. Ауылдың негізгі тіршілігі – мал шаруашылығы.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы маңдағы бүкіл мал осы көлден су ішеді. Басқа маңайдағы көлдер сасып кеткен. Жауын да жоқ. Енді көл маңына мал суартпаймыз деп, қоршап қойған.
Құндыкөл былтыр жалға берілген. Бірақ конкурс ұйымдастырылғанын ауыл әкімі де, аудан әкімшілігі де білмеген. Өйткені құжатта басқа көл көрсетілген, деп хабарлады Qazaqstan ұлттық арнасы.
Құмдыкөл деп келді. Құмдыкөл деген ол Біржанкөлдің арғы жағында. Бәріміз сол көлді конкурсқа қойып отыр деп ойладық. Көлді берген кезде халықпен кездесу өткізілмеген. Сондықтан халық білмеген, біз де білген жоқпыз.Құндыкөл ауылының әкімі Самат Ибраев
Конкурсқа шығарып, ауылды көлден айырған – өңіраралық балық инспекциясы. Ондағылардың айтуынша, заңда қоғамдық тыңдау өткізу немесе елді мекен тұрғындарын құлақтандыру қарастырылмаған.
Жергілікті жерде балық шаруашылығын дамыту арқылы қосымша жұмыс көзі пайда болады. Көлдерді бекітудің тағы бір пайдасы –заңсыз балық аулау фактісінің алдын алуы.Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Сағын Төлеутаев
Басқарма көлді енді кері қайтара алмаймыз айтып отыр. Кәсіпкер заң талабын бұзған жағдайда ғана бұл мәселе қарастырылуы мүмкін. Ал халықтың арыз талабы бойынша облыс әкімдігі ғана шешім қабылдай алады.
Кейіннен көлді жалға алған кәсіпкер журналистерге хабарласып, тұрғындардың малын суаруға кедергі келтірмейтінін, көлді қоршамайтынын айтқан.