Алматыда автобуспен соқтығысқан жеңіл көліктің түгі қалмады
Сурет: Zakon.kz
8 сәуірде Алматыда Тәтібеков көшесінде Бестужев пен Сырымбет көшелерінің аралығында №207 бағыттағы қалалық автобус пен Mazda 3 көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Тәтібеков көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.
Осы кезде Mazda оған қарама-қарсы жүріп келе жатқан.
Автобус жүргізушісінің айтуынша, Mazda көлігін айдаған ер адам телефонға қарап, қарсы жолаққа шығып кеткен.
Mazda автобустың бүйірін жанап өткен.
Жеңіл көліктің дөңгелегі шығып кетіп, бампері майысқан.
Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі жетті.
Mazda жүргізушісі ғана зардап шеккені белгілі болды.
Айта кетейік, автобуста адам болмаған, жүргізуші жұмысын аяқтап, автопаркке бара жатқан.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript







