Алматыда түн жарымында автобуспен жол апаты болды
Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, соқтығыс сәтінде автобус бұрылып жатқан. Сол сәтте Toyota Corolla маркалы автокөлік жоғары жылдамдықпен келіп, қоғамдық көліктің артқы бөлігіне соғылған.
Апат салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алды.

Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Сурет: Zakon.kz
Қалалық автобус жүргізушісінің айтуынша, Toyota көлігі мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері нөмірлерді көліктің ішінен тапты.

Сурет: Zakon.kz
Бұл ретте, қатты соққыға қарамастан, автобус жүргізушісі дін аман.

Сурет: Zakon.kz
Бұған дейін Астанада 1 шілде күні кешке жаппай жол апаты болып, бір адам көз жұмғанын жазғанбыз.