Алматыдағы жол апаты: соқтығысқан екі көліктің де сау-тамтығы қалмады
Сурет: Zakon.kz
ВАЗ-2114 автокөлігі Жандосов көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Zakon.kz тілшісінің мәліметінше, Автокөлік жүргізушісі қиылысқа жеткен сәтте оңтүстік бағыттан оған қарай бар жылдамдықпен Audi A8 көзді ашып-жұмғанша құйғытып жетіп келген.
Осылайша Audi ВАЗ-2114-ті киіп кетеді.
Қатты соққы салдарынан екіншісі бір орнынан айналып, жолдың шетіне ұшып кеткен. Екінші көлік те жолдан шығып, арыққа доңғалақтарымен "асылып қалған".
Жол апатына себеп - Audi жүргізушісінің бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне тоқтамауы.
Салдарынан үш адам зардап шекті. Үшеуі де ВАЗ-2114 көлігінде болған.
ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысының жағдайы ауыр.
Негізгі соққы жүргізуші отырған тұстан тиген. Соқтығысу кезінде ол рөл мен жүргізуші орындығының арасында қысылып қалған. Оны алып шығу үшін оқиға орнына құтқарушылар келді.
Қатты соққыға қарамастан, Audi-де зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Алматыда қалалық автобус пен автомобиль соқтығысқаны хабарланған болатын.

