Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: көлікті жалға алған жүргізуші зардап шекті
Сурет: Zakon.kz
Zakon.kz меншікті тілшісінің хабарлауынша, Toyota Camry 70 көлігі Әшімов көшесімен оңтүстік бағытта жүріп бара жатқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл көлікті қыз айдаған.
Ол бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап, "жасыл" жанған кезде қозғала бастаған.
Осы кезде қара Toyota Camry 40 жол қиылысына жоғары жылдамдықпен шыққан.
Бойжеткен әрекет етіп үлгермей, осы көліктің бүйіріне соғылған. Салдарынан қара түсті Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен.
Көлік жол жиегіне соғылған. Ол жолай камералары бар бағдаршамның электрлік басқару қалқанын да қиратқан. Осы кезде оның сол жақ артқы дөңгелегі де шығып кеткен.

Сурет: Zakon.kz
Осыдан кейін көлік азық-түлік дүкеніне қарай "ұшып кетіп", су құрылғысы мен осы дүкеннің бір бөлігін қиратқан. Көліктің екінші артқы дөңгелегі де шығып, тар көшеге түсіп кеткен.
Қара түсті Camry Сәбденов көшесінің шығыс бағытындағы қоршауға соғылып, содан кейін ғана тоқтаған.
Оқиға салдарынан қара түсті Toyota жүргізушісі зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды. Кейінірек жүргізушінің бүлінген көлікті жалға алғаны белгілі болды.
Жол полициясы оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр.






