Алматыда үш көліктің қатысуымен жол апаты орын алды: зардап шегуші бар
Сурет: Zakon.kz
Алматыда бүгін, 2025 жылғы 4 наурызда Қабанбай батыр мен Нұрмақов көшелерінің қиылысында үш көлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол-көлік оқиғасы Honda HR-V және Chevrolet cobalt, FAW жүк көлігінің қатысуымен болды.
Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр көшесімен батыс бағытта келе жатқан және ол қиылысқа кірген кезде Нұрмақов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан Honda жүргізушісі оның "жол бер" белгісін елемей, FAW-пен соқтығысқан.
Соққы нәтижесінде жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, сол қиылыста Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағытта (жүк көлігіне қарай) келе жатқан Chevrolet-ке құлады.
Апат салдарынан Chevrolet cobalt жүргізушісі зардап шекті.
Оқиға орнында жол сақшылары жұмыс істеді.
Бұған дейін ҚБТУ-дың мемлекет меншігіне қайтарылғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript




