Алматы халқы 4 миллионға жетеді деп болжанды

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімдігі мегаполис халқы тез өсіп жатқанын айтып отыр. Жыл сайынғы өсімнің 60%-ы мигранттар есебінен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл қаламыздың қарқынды дамуының катализаторы болды. Ал ол Алматының барлық инфрақұрылымына шамадан тыс салмақ салды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Қоғамдық кеңес отырысында хабарлады.

Әкімдік халықтың қарқынды өсуін ескере отырып, 2030 жылға қарай Алматы агломерациясында 4 миллион адам тұрады деп болжады.

Алматы баланссыз, үйлесімсіз дамыды. Қаланың тарихи өзегі шамадан тыс жүктелген. Онда сапалы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының көп бөлігі орналасқан – мектептер, балабақшалар, ауруханалар, театрлар, саябақтар және басқа да нысандар, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар әкімдіктің хабарлауынша, халық өсімінің басым бөлігі болып келетін қаланың жаңа аудандарында сапалы әлеуметтік инфрақұрылым, қоғамдық кеңістіктер мен жасыл желектер жетіспейді.

Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған