Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, аптап ыстық болатыны болжанды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды деп болжайды. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +35°C дейін қатты ыстық болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.

Күндіз Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық: +37°C. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық: +35...+37°C.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. 10-11 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы