Қазақстандықтар көпқабатты үйден баспана алғанды ​​жөн көреді

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Маусым айында тіркелген тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерінің саны 31 019-ға жетті. Осылайша үй сату-cатып алу мамырдағы көрсеткішке қарағанда (30 500) 1,7% өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәмілелердің саны бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Сәйкесінше тұрғын үй сату-cатып алу бойынша 4 410 және 3 850 мәміле осы қалаларда жасалған. Барлық транзакцияның ең азы Солтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылған, барлығы – 686.

Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда Шығыс Қазақстанда (-11%), Атырауда (-9,1%), Батыс Қазақстанда (-7,4%), Қарағандыда (-5,4%) және Маңғыстауда үй сатып алу, сату саны төмендегені байқалды. (-4,3%).

Қазақстандықтар көпқабатты үйлерден баспана алғанды жөн санайды. Маусым айында барлығы 21 388 транзакция жасалған. 2 бөлмелі пәтерлер әлі де сұраныста. Маусымда 8,2 мың 2 бөлмелі пәтердің, 7,4 мың 1 бөлмелі пәтердің құжаты рәсімделген.

Жеке үйлер бойынша 9 631 мәміле жасалды. Алматы мен Түркістан облысының тұрғындары жеке үйлерді көбірек ұнатқан.

2022 жылғы маусымда тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 42,6% азайды.

Тұрғын үй нарығындағы мәмілелердің ең көп төмендеуі Атырау облысында тіркелді: былтырғы маусыммен салыстырғанда 64,8%.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті