Қазақстан шетелден автокөлік әкелуді шектемейді

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі Қазақстан шетелден автокөлік әкелуді шектейтіні туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше бірқатар БАҚ-та жақын шетелден Қазақстанға автокөлік әкелу шектелетіні туралы жаңалық жарияланды. Ол Үкімет басшысының депутаттық сауалға берген жауабынан алынған.

Бүгінгі таңда шетелдік көлік құралдарын заңнаманы бұза отырып елге әкелу жағдайлары жиілеп кетті. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған және т.б. автомобильдерді пайдалану фактілері анықталып жатыр. ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

Мәселен, өткен жылы ғана басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан астам автомобильдің банк тарапынан және заң бойынша шектеулері болғаны анықталды.

Сонымен қатар 600-ден астам көлік елге әкелу кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдарының іздестіруінде болып шықты.

Осыған байланысты Қазақстанға «проблемалық» автокөліктің әкелінуін алдын алу және жалпы әкімшілендіруді жақсарту үшін Көлік құралдарын әкелу ережелері (уақытша ережелерді қоса алғанда) әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Онда мұндай автомобильдер бойынша бақылауды күшейту тетіктері, тіпті оларды елге әкелуді шектеуге дейін көзделетін болады. Бұл ретте аталған шаралар Қазақстан Республикасының аумағына заңнаманы бұзбай әкелінген және пайдаланылатын шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты қолданылмайды. ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: