Алматы әкімдігі шамдар күндіз жанып тұрған жағдайда қайда жүгінуге болатынын айтты

Сурет: unsplash
Қала көшелеріндегі шамдар неліктен күндіз жанып тұрады? Мұндай жағдайда тұрғындар қайда жүгіне алады? Алматы әкімдігі түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдіктегілердің хабарлауынша, шамдарды күндіз қосу, жөндеу қажетіне қарай қаланың сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіру және түнгі кезекшілік кезінде анықталған ақауларды жою үшін жүргізіледі.

Күндізгі уақытта жанып тұрған шамдар анықталған жағдайда, «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне 300-75-41, 300-75-42 телефондары арқылы хабарласыңыз. Өтініштер тәулік бойы және демалыссыз қабылданады, – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Сонымен қатар көше шамдарын өшіру туралы «Алматы Қала Жарық» МКК-ның Instagram және Facebook-тегі парақшаларына да жазу арқылы хабарлауға болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы