«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ инспекторлары жасанды ұшу-қону жолағы қайта жаңартылғаннан кейін Үшарал әуежайына сертификаттық тексеру жүргізді. Бүгінгі таңда негізгі жұмыс түрлері, оның ішінде ұшу-қону жолағын 2 700 м дейін ұзарту және рульдеу жолын кеңейту аяқталды.Азаматтық авиация комитеті
Комитет өкілдерінің хабарлауынша, бүгін авиакомпаниялар Үшарал – Алматы және Үшарал – Нұр-Сұлтан субсидияланатын бағыттары бойынша авиабилеттерді сатуды бастайды.
SCAT әуе компаниясы CRJ2 әуе кемелерінде (сыйымдылығы 50 орындық) жазғы маусымда әр бағыт бойынша аптасына 14, қалған уақытта 7 рейс орындайды. Билет құны 15 000 теңге және 16 000 теңге болады. Ұшулар 15 тамыздан басталады.
Сондай-ақ Үшарал – Талдықорған бағыты бойынша «Жетісу» әуекомпаниясы осы жылдың 11 тамызынан бастап жазғы маусымда 28 рейс, қалған кезеңде 14 рейс орындайды. Ұшулар сыйымдылығы 19 орындық L-410 ұшақтарында орындалады. Билет құны – 8 000 теңге.Азаматтық авиация комитеті