Жаңалықтар тізбегі
0

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2024 09:01 Сурет: pexels
Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімді мына жерден көруге болады жарияланды.

Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.   

Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.   

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 15 196 адам қатысты.   

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.   

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: