Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
Сурет: pexels
Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттары магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 2,3 мың адам қатысты.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2024 жылғы 26 желтоқсан мен 2025 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімімен мына жерден танысуға болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript