Шаңды дауыл, үсік, бұршақ пен найзағай – 21 тамызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер еліміз бойынша 21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды – еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей өңірлерде шаңды дауыл тұрып, үсік жүруі, бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде бұрынғыдай жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта тұман түседі, түнде солтүстікте, шығыста, орталықта топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік жүреді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Болжам бойынша, Қызылорда облысында, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  • Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4...+6°С, күндіз +19...+21°С.

  • Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +9...+11°С, күндіз +19...+21°С.

  • Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С.

Қазақстан Нұр-Сұлтан Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: