Жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін "Алматы жастары" бағдарламасына арнайы квота енгізіледі

Сурет: Zakon.kz
"Алматы жастары" мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы квотаны енгізеді. Бұл туралы Алматы педагогтарының тамыз форумында қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Форумда мұғалімдерді қолдау және педагог мәртебесін арттыруға арналған іс-шаралар мен мүмкіндіктер туралы айтылды. Қала әкімінің айтуынша, 1000 адамға тағы 100 квота қосылады.

Бізде "Алматы жастары" қалалық бағдарламасы бар. Жыл сайын 1000 адамның тұрғын үй сатып алу үшін арнайы қаржылық жағдай жасаймыз. Бағдарлама кең танылған, бұған жыл сайын көптеген үміткер қатысады. Сол себепті мен әріптестеріммен ақылдасып, келесі жылдан бастап жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізетінімізді мәлімдеймін. 1000 адамға тағы 100 квота қосылады: 50-і жас мұғалімдерге, 50-і жас дәрігерлерге, - деді қала әкімі Ерболат Досаев.

Сонымен қатар мегаполис әкімі қаржылық мүмкіндік болған кезде мамандық пен жас мұғалімдердің дамуы үшін қосымша іс-шаралар қабылдауға және бағдарламаны кеңейтуге уәде берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды