Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атап өткендей, Әлеуметтік кодекс жобасы халықтың жекелеген осал санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатынан барлық еңбекке қабілетті азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшуді көздейді.
Атап айтқанда, мыналар ұсынылады:
Жұмыспен қамтудың икемді нысандарын, оның ішінде платформалық жұмыспен қамтуды заңдастыру. Жұмыс берушілер тарапынан келеңсіздіктерді болдырмау үшін еңбекті ұйымдастырудың міндетті шарттары да бекітіліп, жұмыспен қамтудың икемді нысандары бойынша мақсатты топтар айқындалады.
Жұмыстың сипатына қарамастан, платформалық жұмыс, бірлескен жұмыс (бір жұмыс орнында екі қызметкер), вахталық кесте, төрт күндік жұмыс аптасы және тағы басқа
Интернет-платформалар негізінде жұмысқа орналастырылған тұлғаларды танудың қарапайым тәртібін онлайн-платформалармен және әлеуметтік аударымдардың болуымен типтік мемлекеттік келісімшарт арқылы жүзеге асыру (БЖЗҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында).
Біріктірілген төлемді енгізу арқылы салықтарды, зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды төлеу механизмін барынша жеңілдету, бұл табысқа салықтық жүктемені азайтуды көздейді. Бұл ретте бірыңғай жиынтық төлемді алып тастау жоспарланып отыр.
Еңбек министрлігі бұл шаралар еңбек қатынастарын оңайлатылған тіркеу және жаңа ынталандыру есебінен іске асырудың бірінші кезеңінде қызметті ресімдеуге және кемінде 300 мың бейресми жұмыспен қамтылған қазақстандықтарды әлеуметтік қорғауға мүмкіндік береді деп санайды.
Сонымен қатар министрлік бұл жаңашылдықтардың барлығының мақсаты қазақстандық қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жүйесіне қосу арқылы оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамыту туралы Кодекс жобасын іске асыру мынандай қаржыны талап етеді:
2023 жылы – 341,9 млрд.теңге;
2024 жылы – 471,9 млрд.теңге;
2025 жылы – 674,6 млрд.теңге.
Жалпы үш жылда халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалған қаражат 1 488,3 млрд теңге болды.