Есірткі таратушы актер ұсталды: полиция "синтетиканың" 4 мың дозасын заңсыз айналымға жібермеді
Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы күресті күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. Жуырда Көкшетау қаласында байланыссыз тәсілмен есірткі сатумен айналысқан азамат қолға түсті.
Тінту барысында оның пәтерінен электронды таразы, арнайы жабдықтар және жалпы салмағы 1,5 келіге жететін мефедрон мен "аlfa-PVP" синтетикалық есірткісі тәркіленді.
Қылмыстық әрекеттің дәлелдерін тереңдете зерттеу үшін күдіктінің телефоны тексеріліп, есірткі жасырылған орындардың нақты координаттары анықталды.
Соның нәтижесінде 4500 доза есірткі айналымға түспей, дер кезінде тосқауыл қойылды.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті бұған дейін отандық сериалдарға түскен. Ол өз кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript