Қазақстандықтар интернеттегі ақауларға әлі де шағымданып жатыр

Сурет: Zakon.kz
Бірнеше күннен бері Қазақстанның әр өңірінде интернет жұмысында ақаулар байқалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, fқауларға барлық қазақстандық байланыс операторларының пайдаланушылары шағымданып жатыр.

Дегенмен кеше, 28 қыркүйекте Tele2, Kcell және Beeline Қазақстан баспасөз қызметтері операторлардың желілері қалыпты жұмыс істеп тұрғанын, мәселе операторлар жағында емес, жаһандық екенін айтып, хабарлағанын еске сала кетейік.

Кейін "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Қазнетке, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың сайттарына кибершабуыл бірнеше күннен бері жалғасып жатқанын, соның салдарынан интернетке кеш қосылу болып жатқанын хабарлады. "МТҚ" АҚ ұсынған болжамға сай, кибершабуыл елде және әлемде болып жатқан әлеуметтік оқиғалармен байланысты.

Сол күні кешке "Мемлекеттік техникалық қызмет" Қазнетке жасалған хакерлік шабуылдардың жай-жапсарын ашты. Компания зиян әрекет алғаш рет 24 қыркүйекте байқалғанын және содан бері көбейіп отырғанын, ал шабуыл 28 қыркүйекте шарықтау шегіне жеткенін түсіндірді. DDoS шабуылы вирус жұққан компьютерлердің желілерін және ботнет деп аталатын IoT құрылғыларын пайдаланды.

Редакция түсініктеме алу үшін "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ баспасөз қызметіне жүгінді.

25 қыркүйекте Қазнетте DDoS шабуылы жасалғаны белгілі болды. Содан кейін "МТҚ" АҚ ауқымды кибершабуылдар байланыс операторларының магистральдық арналарына жүктеме артуына әкелетінін хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды