Еліміздің төрт өңірінде найзағай ойнап, жел соғады, үсік жүреді деп болжанады

Сурет: pixabay
7 қазанда еліміздің төрт аймағында дауыл туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Ақмола облысының батысында кешке қарай найзағай ойнайды деп күтіледі. Күннің екінші жартысында облыстың солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі, Петропавлда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, 7-9 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында сынап бағаны 1 градусқа дейін төмендейді деп болжанады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін