Министр ойынханада 507 млн теңге ұтқызған шенеуніктер жайында пікір білдірді

Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ойынханада жүздеген миллион теңгені ұтқызған шенеуніктер ақшаны қайдан алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер Ұлттық экономика министрлігінің басшысынан мемлекеттік қызметкерлер мұндай соманы қайдан алғанын сұрады.

Демек олар жинаған ақшасын жұмсайды. Егер адам құмар ойынға әуес болса, оның табысы мен қолда бар қаражатынан бөлек, басқа да кірісі болуы, іздеуі, қарыз алуы мүмкін деген сөз, – деп жауап берді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, бәрі әр жеке адамның өзіне байланысты.

Бұл мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, құмар ойындарға әуестенген кез келген азаматқа қатысты. Әлібек Қуантыров

19 қазанда Алматы облысындағы ойынханаларға мемлекеттік қызметкерлер 507 миллион теңге жұмсағаны белгілі болды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды