Тұңғыш президент туралы заң жыл соңына дейін күшін жояды

Сурет: elbasy.kz
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың айтуынша, қазір енгізілген өзгертулер аясында заңнамалық актілерді Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты "Елбасы туралы" заң жыл соңына дейін күшін жояды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Саировтың сөзінше, қазір мәжілістің бейіндік комитеті "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңның күшін жоюмен айналысып жатыр.

Депутаттарға "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" заңының күшін жою жөнінде жиі сұрақ қойылады. Қазір тиісті комитетте жұмыс жүріп жатыр. Жыл соңына дейін "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заң күшін жояды. Ерлан Саиров

Нақты мерзіміне келер болсақ, депутаттың айтуынша, барлық процедуралық пункттерден өткеннен кейін бұл процесс желтоқсанның ортасында немесе соңында аяқталады.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді