Сенат төрағасының айтуынша, импорт әртараптандырылуы керек. Мемлекеттік органдар импортты белсенді түрде әртараптандыруы керек. Басқа көлік бағыттарын пысықтап, басқа әдістер іздеу қажет.
Көрші елдерден инфляцияны үнемі импорттай алмаймыз. Әрине, біз барлығымен қарым-қатынасты дамыта береміз, көршілеріміздің бәрі стратегиялық әріптестер. Бірақ бізде жеткізу бағыттарының белгілі бір диверсификациясы болуы керек. Мәулен Әшімбаев
Сенат отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанның өнеркәсіптік импортқа тәуелді екенін атап өтті.
Біз өзіміз Қазақстанда кейбір позициялар үшін отандық өнім өндірісін құрған жоқпыз, Тәуелсіздік жылдарында осыншама қаржы бөлінгенімен, сұранысымызды жауып отырған жоқпыз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арыз-шағымдарына да тоқталды.
Оның айтуынша, ауылшаруашылық тауар өндірушілері ірі супермаркеттерге баратын болса, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге болатын жерлердегі сөрелерге қойылмай жатқанына шағымданады. Ондай жерлерде импорттық өнімдер тұр.
Ол үшін олардан қосымша көп ақша сұралады. Бермесе, өнімдерін шетке ысырып, импортты алға шығарады. Мұны импорттаушылардың қалтасы көтереді. Мәулен Әшімбаев
Оның айтуынша, бұл бағаның өсуіне және инфляцияға ықпал етеді.
Бұл біздің желілік сауда нысандарын үнемі бақылай бермейтіндігімізден. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетпейтініміз белгілі болды. Төтенше шаралар қабылдау қажет болған жағдайда бұл мәселені де нормативтік жолмен реттеуге болады. Мәулен Әшімбаев
Ол қажет болған жағдайда, депутаттар заңдарға қажетті түзетулерді қабылдауға дайын екендігін баса айтты.